Сербияда мешіт имамы шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды

Сербияда құптан намазының артынан соққыға жығылған Хаджы Хүррем мешітінін 63 жасар имамы Незир Салиховичтің жағдайы ауыр.

937112
Сербияда мешіт имамы шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды

Сербияда босниялық тұрғындар жиі өмір сүрген Санджак аймағының Нови Базар қаласындағы Хаджы Хүррем мешітінде имам болып жұмыс істейтін 63 жасар Незир Салихович кім екені белгісіз адамдардың шабуылына ұшырады.

Құптан намаздың артынан мешіттен үйіне қарай бара жатқан Салихович соққыға жығылып, ауыр жараланды.

Ауруханаға жеткізілген Салихович Нови Базар ауруханасы дәрігерлерінен Кемал Брниякиннің 40 жылдан бері имам болып қызмет еткен Салиховичтің белгісіз шабуылдаушылар тарапынан «өлтіретіндей ауыр» соққыға жыққанын атап, «жүзінде, басында, қол мен тізелерінде жаралары бар. Қабырғаларының бірнешесінің сынғанын анықтадық. Жағдайы бір қалыпты, көруге қазірше ешкімге рұқсат бермейміз» деді.

Сербия Ислам Одағы жасаған жазбаша мәлімдемеде Салиховичке жасалған бұл опасыз шабуылдың қабылданбайтынын аталып, оқиға жайлы тергеу жұмыстарының басталғанын, шабуылдаушылардың куәліктерінің жақын да анықталатынына сенім білдірілді



Ұқсас жаңалықтар