АҚШ-та соғыс ұшағы құлады

АҚШ флотына тиесілі соғыс ұшағының құлауы салдарынан 2 ұшқыш қаза тапты.

930476
АҚШ-та соғыс ұшағы құлады

Флорида штатында «F/A-18F Super Hornet» типі соғыс ұшағы оқу-жаттығу кезінде құлады.

АҚШ Атлант флоты Әуе күштері қолбасшылығы жасаған мәлімдемеде соғыс ұшағының Флориданың «Key West» аймағында флотқа тиесілі «Boca Chica» базасында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырағаны білдірілді.

Ұшақтың қонуға дайындалған кезде құлағаны атап көрсетілген мәлімдемеде 2 ұшқыштың өздерін ұшақтан лақтырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде ұшқыштардың мәйітінің әуежайдың 2 шақырым шығысындағы су айдынынан табылғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар