Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммиті өтеді

Кувейтте 5-6 желтоқсан күні Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммиті өтеді.

860506
Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммиті өтеді

Кувейтте 5-6 желтоқсан күні Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммиті өтеді.

Кувейтте 5-6 желтоқсан күні ұйымдастырылатын Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммитіне Сауд Арабиясы королы Селман бин Абдулазиздің де қатысатыны білдірілді.

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммитіне дайындық жасау үшін Сауд Арабиясы делегациясы Кувейтке барды. Сейсенбі және сәрсенбі күндері өткізілетін саммитте Сауд Арабиясы делегациясына король Селман бин Абдулазиз төрағалық жасайды.

Қайнар көздер саммитке 6 Шығанақ елдерінің жоғарғы лауазымдарының қатысатынын және Шығанақ елдері арасындағы қарым-қатынастарды қорғау үшін механизмдердің құрылуына орай жұмыс істейтінін білдірді.  

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман әл-Сани де Кувейтте өтетін Шығанақ ынтымақтастық кеңесі саммиті қарсаңында сыртқы істер министрлері деңгейінде өтетін жиналыста орын алатындарын және Катар әмірі шейх Тамин бин Хамад әл-Санидің де саммитке қатысатынын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар