Сирия тақырыпты жиналыс Астанада басталды

Бүгін Түркия, Ресей және Иран делегациялары үштік жиналысында бас қосады.

836763
Сирия тақырыпты жиналыс Астанада басталды

Бүгін Түркия, Ресей және Иран делегациялары үштік жиналысында бас қосады.

Қазақстанның елордасы Астанада 7-ші Сирия тақырыпты жиналыс Түркия, Ресей және Иран делегацияларының екі жақты кездесулерімен басталды.

Кеше басталған жиналыста тараптар Асад режимінің түрмеде қамалған тұтқындардың еркін қоя берілуін қолға алды.

Түркия мен Ресей делегациясы Сирия режимінің атысты тоқтату келісімін бұзғаны жөніндегі мәселелер жөнінде кездесу өткізуде.

Әскери оппозиция делегациясы да Біріккен Ұлттар Ұйымымен жиналыстан бұрын кездесу өткізді.

Оппозиция қайнарларынан алынған мағлұматтарға қарағанда Еркін Сирия армиясы қолбасшысы Ахмед Бирри басшылығындағы делегация БҰҰ-на Сирия режимінің атысты тоқтату келісімін бұзғаны, режим мен Иран қолдауындағы сарбаздардың қырғыны, режимнің түрмедегі тұтқындардың жағдайы, Иран мен бөлшектеуші террор ұйымы ПКК/PYD-нің жасаған демографиялық өзгерістермен қатысты төрт құжатты ұсынады.

Бүгін Түркия, Ресей және Иран делегациялары үштік жиналысында бас қосады.


Этикеттер: #Сирия , #Астана , #БҰҰ

Ұқсас жаңалықтар