Ирак күштері Рабиға шекара қақпасын бақылауға алды

Шекара қақпасы 2014 жылдан бері бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің бақылауын болатын.

834571
Ирак күштері Рабиға шекара қақпасын бақылауға алды

Ирак күштері бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің шегінуінің артынан Сирия шекарасындағы Рабиға шекара қақпасында бақылауды қолға алды.

Ирак армиясы қызметкері полковник Хасан Рыза «Армияға қарасты 15 бригада күштері Мосулдың солтүстік батысындағы Рабиға шекара қақпасының бақылауын қолға алды. Армияның PYD-лік террористтердің аймақтан кері шегініп, Сирияға қайта оралуларын талап етуінің артынан шегінген шекара қақпасы бақылауға алынды» деді.

Риза Ирак армиясының шамамен 1 апта бұрын Рабиға ауданының бақылауын қайта қолға түсіруінің артынан бүгін 2014 жылдан бері жабық тұрған шекара қақпасына қоныстанғанын және қауіпсіздік шараларының іске қосылғанын жеткізді.

Пешмерге күштерінің Рабиға ауданын ДАИШ-тен қайтарған 2014 жылдан бері қақпаның әр екі тарапы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-нің бақылауын болатын.



Ұқсас жаңалықтар