Йеменде баллистикалық зымыран шабуылы

Йеменнің Мариб ауданына баллистикалық зымыран шабуылы жасалды.

785587
Йеменде баллистикалық зымыран шабуылы

Йеменде Хуситтердің Мариб ауданына атылған баллистикалық зымыранның Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштеріне тиесілі әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылғаны білдірілді.

Қарулы күштер баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Йемен армиясының басқару орталығы болған Мариб ауданына Хуситтер тарапынан атылған баллистикалық зымыранның коалиция күштеріне тиесілі әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылғаны баяндалды.

Мәлімдемеде оқиғада ешбір адамның өлмегені және жарақаттардың болмағаны білдірілді.

Йеменде заңды үкіметке төңкеріс жасаған Хуситтер 2014 жылы қыркүйек айынан осы таңға дейін астана Сана болып кейбір аймақтарды бақылау астына алуда.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыз айынан бастап Хуситттерге қарсы соғыста заңды үкімет күштеріне қолдау көрсетуде. 



Ұқсас жаңалықтар