Жаңа мемлекет құруды ұсынды
Жаңа елдің аты да дайын: Малороссия
Украинада 3 жыл бұрын басталған қақтығыстардан кейін бір жақты түрде тәуелсіздігін жариялаған Донецк Халық Республикасы өтпелі кезеңнен кейін жаңа мемлекет құруды ұсынды.
Жаңа мемлекеттің есімінің Малороссия болатыны айтылды.
Донецк Халық Республикасының басшысы Александр Захарченко Украинаның құлдыраған ел екенін алға тартып, халықаралық қоғамды Малороссияны қолдауға шақырды.
Бас қаласы Донецк болатын Малороссияның жаңа мәртебесін анықтайтын атазаңның референдумға салынуы күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қытайға барады
Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда
Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.