"Доха әкімшілігіне қолдау берген Түркияны мақтан тұтамыз"

Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн Абдрахман ибн Джасим әл-Сани мәлімдеме жасады.

753224
"Доха әкімшілігіне қолдау берген Түркияны мақтан тұтамыз"

Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн Абдрахман ибн Джасим әл-Сани кейбір араб елдері тарапынан еліне бағытталған дипломатиялық және экономикалық эмбарго алдында Доха әкімшілігіне қолдау берген Түркияны мақтан тұтқандарын атап көрсетті.

Әл-Сани әлеуметтік медиадағы парақшасы арқылы мәлімдемесінде 10 күн бұрын Катарға бағытталған эмбаргомен байланысты «Бізге қарсы бағытталған эмбарго алдында түрік әкімшілігі мен бауырлас түрік халқының бізді жақтайтын абыройлы ұстанымын мақтан тұтамыз» деді.

Катарға сапарлай барған сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Экономика министрі Нихат Зейбекчи Катар әмірі Шейх Тәмім ибн Хамад әл-Сани және Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн Абдрахман ибн Джасим әл-Санимен бас қосқан болатын.

Чавушоғлу шығанақтағы дағдарыспен байланысты дипломатиялық туры аясында Катардан кейін Кувейтке өткен болатын.

Чавушоғлу Кувейт сапарының артынан Меккеде Сауд Арабия королі Селман ибн Абдүлазизмен де басқосатынын атап көрсеткен болатын.

Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр және Йемен 5 маусым күні «террорға қолдау берумен айыпталған» Катармен барлық дипломатиялық қарым-қатынастарын үзгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар