БҰҰ-да ертең сайлау

Тұрақты емес бес мүшелік үшін сайлау өткізіледі.

743643
БҰҰ-да ертең сайлау

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде 2018-2019 жылдары міндет атқаратын тұрақты емес бес мүше үшін 2 маусым күні сайлау болады.

Өз топтарында қарсыластары болмағандықтан Перу, Кувейт, Экватор Гвинеясы, Пілтісі жағалауы мен Польшаның екі жылдығына сайлануы күтілуде.

Осы елдер жалғыз кандидат болса да Кеңеске сайлануы үшін 193 мүшесі бар БҰҰ-да қолданылған жарамды дауыстардың үштен екеуін алуы керек.

Жұма күні сайланатын жаңа бес мүше 2018 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Кеңестегі екі жылдық міндеттерін бастайды.



Ұқсас жаңалықтар