Сирия режимі Түрікмен ауылдарына шабуылдады

Сирияда Асад күштері кеше Түрікмен тауындағы ауылдарға шабуылдады.

741035
Сирия режимі Түрікмен ауылдарына шабуылдады

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда режим күштері кеше кешкі уақыттан бастап оппозицияның бақылауындағы ауылдарды зеңбірек және зымырандармен атты.

Сарраф, Келез, Саллур ауылдарымен Түффахийе төбесі нысанаға алынған шабуылдарға оппозиция қарсы шабуыл бастады.

Қысқа уақытқа жалғасқан қақтығыста оппозиция режимге тиесілі бір көлікті жойды. Режим әскерлерінен қаза тапқан және жараланғандар бар екені білдірілді.

АҚШ басшылығындағы халықаралық коалицияның Ракка операциясы барысында 20 жазықсыз адам қаза тапты.

Куәгерлер коалиция ұшақтарының бейбіт адамдар мінген бір көлікті бомбалауы нәтижесінде көптеген адамның жараланғанын білдірді.

Коалиция күштері болса тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар