Шахтада жарылыс

Қытайдағы апатта 18 кенші қаза тапты.

727505
Шахтада жарылыс

Қытайда бір көмір кенішінде болған жарылыста 18 адам қаза тапты.

Синхуа агенттігінің хабарына қарағанда,  елдің орталық аймағындағы бір шахтада жарылыс болды.

Жарылыс барысында шахтада 55 кенші жұмыс істеп жатқан. Алғашқы сатыда 37 кенші шахтадан шығарылып,  ауруханаларға жеткізілді.

Апатта жауапкершілігі бар деген күдікпен бірнеше кісі тұтқындалды.  Қауіпсіздік органдары тергеу бастатты.


Этикеттер: #Қытай , #шахта , #кенші

Ұқсас жаңалықтар