Мосулдағы мектеп шабуылында 81 адам қаза тапты

Мосулдың батыс жағалауында бір мектепке жасалған зымыран шабуылы салдарынан 81 адам қаза тапты.

726298
Мосулдағы мектеп шабуылында 81 адам қаза тапты

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулдың батыс жағалауында бір мектепке жасалған зымыран шабуылы салдарынан 81 адам қаза тапты.

Қауіпсіздік ақпарат көздеріне қарағанда террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы 17 шілде аймағындағы Әл-Вела мектебін нысанаға алған зымыран шабуылында мектепті паналағандар арасынан 34 еркек, 29 әйел, 18 бала барлығы 81 адам қаза тапты.

ДАИШ-пен қарулы күштер арасында шыққан қақтығыстар себепті жазықсыз адамдар паналаған мектептің кім тарапынан бомбаланғаны әлі анықтала алмағаны білдірілді.

Басқа жағынан террормен күрес бөлімшесінен жүзбасы Али әл-Бехадили Анадолы агенттігі тілшісіне жасаған мәлімдемеде бөлімшеге қарасты күштердің Ән-Неджджар аумағы маңына жасаған зымыран шабуылы салдарынан ДАИШ-тің соғыс бөлімшесіне жауапты Хабиб Абдүлджаббардың өлтірілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар