Афиныда жарылыс болды

Сантароза даңғылындағы «Eurobank» ғимараты алдында бомба жарылды.

716843
Афиныда жарылыс болды

Грекияның бас қаласы Афиныда қала орталығындағы бір банктің алдына қойылған бомбаның жарылуы салдарынан банк пен айналадағы ғимараттарға материалды зиян келді.

Бір интернет парақшасының телефонына кім екені белгісіз бір адам хабарлады. Сантароза даңғылындағы «Eurobank» алдына бомба қойылғаны жөнінде хабарламаның артынан қауіпсіздік күштері банк ғимараты мен айналадағы даңғылдарды көлік қатынасына жауып, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Алайда банктің кірісіне мектеп сөмкесімен тасталғаны анықталған бомбаның жарылуы салдырынан банктің кіріс жері мен айналадағы ғимараттарға материалды зиян келді.

Шабуылды қазірше ешкім мойындаған емес. Полиция оқиға орнында қауіпсіздік шараларын арттырып, тінту жұмыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар