НАТО маңызды рөл ойнауда

Майк Пенс Германия сыртқы іс тер министрі Зигмар Габриэльмен кездесті.

664654
НАТО маңызды рөл ойнауда

Америка Құрама Штаттары президент орынбасары Майк Пенс НАТО-ның Еуропа және Солтүстік Американың қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл ойнағанын білдірді.

Майк Пенс Вашингтонда Германия сыртқы іс тер министрі Зигмар Габриэльмен кездесті.

Ақүйде өткізілген мәлімдемеде Пенс пен Габриэльдің Еуропа және Солтүстік Американың қауіпсіздігін сақтауда НАТО-ның орталық рөл ойнағаны жөнінде бірдей көзқараста болғаны баяндалды.

Мәлімдемеде екі тараптың НАТО одақтастарының қауіпсіздік жөнінде мағлұмат бөлісіп, пікір алмасқандары да атап өтілді.

Ақүй мәлімдемесінде Майк Пенстің Брюссельде НАТО орталығына баратыны және осы айдың аяғында Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы да қатысатыны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар