Ұлыбритания премьер-министрі АҚШ-та

Тереза Мэй Ресей президентіне қарсы абай болу керектігі тақырыбыенда Трампқа ескерту жасады.

660138
Ұлыбритания премьер-министрі АҚШ-та

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ президенті Дональд Трампқа «Ресей президенті Владимир Путинге қарсы абай болу керектігі» жайлы ұсыныс жасады.

Дональд Трамппен кездесуге АҚШ-қа барған Ұлыбритания премьер-министрі Филадельфиядағы Республикашылардың партия басшылары жиналысында екі ел ынтымақтастығы тақырыбында бағалау жасады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «мықты және бекім» екенін атап көрсеткен Мэй АҚШ пен Ұлыбританияның ортақ ережелер төңірегінде жаһандық мәселелерді қолға алғанын атап көрсетті.

Тереза Мэйдің баяндамасының ең назар аударарлық тұстарының бірі де президент Дональд Трампқа Ресейге қарсы жасаған ескертуі болды.

Трампқа «Ресейге қарсы абай болу керектігін» ұсынған Ұлыбритания премьер-министрі «Президент Рональд Рейганның да Михаил Горбачевпен келіссөздердегі сияқты 'сен, бірақ раста' ұстанымын жалғастыру ұтымды» деді.

Ресейдің Қырымдағы басқыншылығын да сынға алған Мэй Мәскеудің қадамдарын абайлап, жақын қадағалану керектігін тілге тиек етті.

Террор ұйымы ДАИШ-пен күрес тақырыбына тоқталған Тереза Мэй АҚШ пен Ұлыбританияның бұл тақырыпта өте тұрақты ортақ екі екенін атап көрсетті.

Вашингтонда Трамппен басқосатын Ұлыбритания премьер-министрі Мэй 20 қаңтар күні міндетін қабылдап алған АҚШ президентінің тұңғыш дипломатиялық қонағы болмақ.



Ұқсас жаңалықтар