Парижде "Таяу Шығыста бейбітшілік конференциясы" өтеді

15 қаңтар күні өтетін конференцияға араларында Түркияда бар 70-ке жуық ел қатысады.

650451
Парижде "Таяу Шығыста бейбітшілік конференциясы" өтеді

Францияның астанасы Париж Таяу Шығыста бейбітшілік конференциясына қонақжайлық жасауға дайындалады.

15 қаңтар күні өтетін конференцияға араларында Түркияда бар 70-ке жуық ел қатысады.

Франция президенті Франсуа Олланд Елисей сарайында жаңа жыл себепті шетелдік қызмет шефтерін қабылдады. Олланд қабылдауда айтқан сөзінде Париждің Таяу Шығыс мәселесі тақырыбында халықаралық бір конференцияға қонақжайлық жасайтынын еске салды.

Конференцияның мақсатының екі мемлекетті жүйемен бір шешімге бағытталған халықаралық қоғамның қолдау және тұрақтылығын қайталау екенін атап көрсеткен Олланд «Дегенмен бейбітшілікті Израиль мен Палестиналықтар бірге қамтамасыз ете алады, басқалар емес. Тек қана екі жақты келіссөздердің бұл мәселені шешуі мүмкін» деді.

Басқа жағынан Олланд Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббасқа телефон шалып, конференция жайлы мәлімет бөлісті.

Олланд сондай-ақ Аббасты екі жақты келіссөздерді жалғастыру үшін Парижге шақырды.

Израиль болса жексенбі күні конференцияға қатыспайды.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху конференцияны «жалған» деп бағалады және Израиль дұшпандығына қызмет ететінін алға тартып, айыптады.

Дипломатиялық ақпарат көздері Аббастың жексенбі күнгі конференцияға қатысатынын атап көрсетеді.

Франция "Таяу Шығыста бейбітшік" тақырыбында 2016 жылы 3 маусым күні қайтадан Парижде Израильдің наразылығына қарамастан халықаралық бір конференция өткізген болатын.

Израиль мен Палестина арасында 2014 жылдан бері келіссөздер тоқтап тұр.



Ұқсас жаңалықтар