«UNICEF» Йеменде 1 мың 400 баланың қаза тапқанын мәлімдеді

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры «UNICEF» 2015 жылы наурыз айынан бері қаза тапқан балалар санын жариялады.

649567
«UNICEF» Йеменде 1 мың 400 баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Йеменде билікті басып алған Хоуситтер мен төңкерілген елбасы Али Абдуллах Салих жақтаушылары мен үкімет күштері арасында шамамен екі жылдан бері жалғасқан қақтығыстарда кем дегенде мың 400 бала қаза тапты.

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры «UNICEF» мағлұматтарына қарағанда 2015 жылы наурыз айынан бері жалғасқан қақтығыстарда 2 мың 400-ден астам бала да жарақат алды.

Елде сондай-ақ 7 миллион бала медициналық жәрдемге мұқтаж. 14 миллионнан астам адам болса таза ауыз суына қол жеткізе алмай отыр.

1 миллион 700 мың бала да жеткілікті мөлшерде коректене алмайды.

Оқу тұрғысынан болса елдегі соғыс шарттарында шамамен 2 мың мектепке зиян келді.



Ұқсас жаңалықтар