Ирак премьер-министрі маңызды мәлімдеме жасады

Ибади ПКК-ның Ирак территориясын қолданып, Түркияға шабуыл жасауын қабылдамайтынын айтты.

643641
Ирак премьер-министрі маңызды мәлімдеме жасады

Ирак премьер-министр Хайдар Ибади бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Ирак территориясын қолданып, Түркияға шабуыл жасауын қабылдамайтынын айтты.

Ибади астана Бағдаттағы үкімет ғимаратында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Атазаңымыз да бұған рұқсат бермейді» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның 5-6 қаңтар күндері аралығында Иракқа зиярат ететініне тоқталған Ибади «Түркия премьер-министрінің Ирак сапары, өзара зияраттар және қарым-қатынастардың күшейтілуі аясында болады. Біз Түркия және барлық елдермен саяси, қауіпсіздік, экономика және сауда қарым-қатынастарымыздың күшейтілуін қалаймыз» деді.

Ирак премьер-министрі Мосулды ДАИШ-тен құтқару операциясымен байланысты қауіпсіздік күштерінің ДАИШ-ке қарсы соңғы күндерде ілгерілеушілік болғанын білдірді. Ибади террор ұйымның жойылуы үшін барша әлемнен мағлұмат бөлісу жөнінде қолдау сұрады.

Премьер-министр Ибади Мосулда құтқарылған аймақтарда отбастарына азық-түлік таратыла бастағанын және мектептердің қайтадан ашылатынын айтты. 


Этикеттер: #Ирак , #ПКК , #Бағдат

Ұқсас жаңалықтар