НАТО Сыртқы істер министрлері Брюссельде жиналды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей күштеп аннекцилаған Қырымды танымағандары атап көрсетті.

626036
НАТО Сыртқы істер министрлері Брюссельде жиналды

Солтүстік Атлантикалық Келісімі Ұйымы (НАТО) Сыртқы істер министрлерінің Бельгияның астанасы Брюссельдегі жиналысы кеше де жалғасты.

Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өкілдік жасаған жиналыста НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейге бағытталған санкциялардың жалғасу керектігін атап айтты.

Йенс Столтенберг Қырым аннекциясын танымайтындарын қайталады және Ресейді Минск келісіміне бағынуға шақырды.

Халықаралық қоғамның Ресейге жауапкершіліктерін орындауы үшін санкцияның жалғасу керектігін атап айтқан Столтенберг әсіресе Украинаның шығысындағы жағдайдың қиын екенін білдірді.

Еуроодаққа мүше 22 мемлекет 2014 жылынан бері Ресейге санкцияларын жалғастыруда.

Мевлүт Чавушоғлу НАТО байланыстары аясында кейбір өкілдермен оңаша кездесті.

Чавушоғлу Еуроодақ комиссиясы төраға орынбасары Франц Тимерман және комиссияның Гуманитарлық жәрдем және көшке жауапты мүшесі Димитри Аврампулоспен бас қосты.

Сыртқы істер министрі Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан 8 төңкерісші әскерді ұстап беру тақырыбымен байланысты сот кезеңін бағалады.

Чавушоғлу «Біздің тілегіміз 8 төңкерісшінің де Түркияға ұстап берілуі. Соттың үш төңкерісшіні қайтарып беру, қалған 3 адамға қатысты бөлек шешім қабылдауы ойландырады. Дегенмен шындықты көру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар