АҚШ жаңа Президенті Дональд Трамп

Әлем лидерлері Дональд Трампты құттықтауда.

607243
АҚШ жаңа Президенті  Дональд Трамп

Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті Дональд Трампты болды.

Республикашыл партиясының үміткері Трамп Флорида, Огайо, Солтүстік Каролина, Айова және Пенсильвания сынды маңызды штаттарда бәсекеде озып, делегат санын 289-ке көбейтті.

 Калифорния және Невада штаттарын жеңіп алған  Демократ партиясының үміткері Хиллари Клитонның делегат саны 218-де қалды.

 Республикашыл партиясы сенат және өкілдер мәжілісінде де  үстемдік орнатты.

Қазірге саналған дауыс нәтижесі бойынша Республикашыл партиясы 205, Демократ партиясы 138 депутатты Өкілдер Мәжілісіне жібере алады.

Дональд Трамп президент сайлауды жеңіп алғаннан кейін де сайлаудың жаңғырықтары келе бастады.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ Президенті болып сайланған Дональд Трампқа құттықтау хат жолдады.

Кремльдің ресми интернет сайтында жарияланған құттықтауда Путин Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарының  тұңғиыққа тірелуі, халықаралық күн тәртіптегі тақырыптардың шешімі және жаһандық қауіпсіздік қауіптерге шешім ізделуі тақырыптарында бірге жұмыс істеуді үміт еткенін білдірді.

Ресей Президенті Владимир Путин АҚШ Президенті болып сайланған Дональд Трампқа табыс тіледі.

Ресей инвестиция қоры бас директоры Кирилл Дмитриев болса Трамптың басшылығында геосаяси дағдарысты азайтатынын баяндады.

Германия Қорғаныс министрі   Фон дер Ляйен «АҚШ сайлау нәтижесіне таң қалдым. Трамп  сайлауды өзі емес, қазіргі жүйеге қарсы дауыс бергенін аңғаруда» деді.

Францияда ұшқары Ұлттық шебінің лидері Марин Ле Пен Дональд Трампты алғашқы құттықтағандар ішінде орын алды.

Францияның АҚШ өкілетті және төтенше елшісі болса «Осы сайлаудан кейін әр нәрсе болуы мүмкін» деді.

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск және Еуропа Одағы Комиссиясы төрағасы Жан-Клод Юнкер  Трампты құттықтап, АҚШ пен Еуропа Одағы саммитінің ең қысқа уақыт ішінде өтуін талап етті.

Франция Президенті Франсуа Олланд Трампты құттықтады. Олланд Еуропаны құндылықты қорғау үшін береке-бірлікке шақырды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг те Трампты құттықтап, өзімен танысуды асыға күткенін айтты.

 Жапония болса кешіккен жоқ. Жапониядан бір делегация Трамппен танысу үшін Вашингтонға барады.

Еуропа Одағы Сыртқы қарым-қатынастар жоғарғы деңгейдегі өкілі де жасаған мәлімдемесінде «АҚШ-пен саяси өзгерістерге ықпал жасамайтындай қою байланысымыз бар» деді.

Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер «Трамптың жеңісін қабылдауға мәжбүрміз» деген сөздер қолданды.

Германия премьер-министрі Ангела Меркель де Трампты құттықтады.

Иран Президенті Хасан Рухани Трамптың атомдық келісімде кері қадам баспайтынын айтты.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху "Израильдің шынайы досы болған Трампты құттықтаймын" деді.

Палестина лидері Махмұд Аббас та Трампты Палестина мемлекетінің құрылуы үшін қолдау беруіне шақырды.

Қытай да жаңа Президентпен қарым-қатынастың жалғасуы және күшейтілуі үшін жұмыс істейтінін білдірді.

Үндістан астанасында бір топ оңшыл көшеге шығып, Трампты құттықтады.

Ватикан Мемлекеттік хатшысы болса АҚШ-тың 45-ші президенті болып сайланған Дональд Трампты құттықтап, Тәңір оны нұрлы жарыққа апаруға және әлем бейбітшілігіне қызмет етуі үшін дұға еткендерін айтты.

        



Ұқсас жаңалықтар