АҚШ-тық мәлімдемеші Ракка операциясы дайындығы жайлы мәлімдеді

Полковник Джон Дориан Ракка қаласын қоршау жұмыстарына 30-40 мың адамнан тұратын бір күштің қатысқанын білдірді.

603606
АҚШ-тық мәлімдемеші Ракка операциясы дайындығы жайлы мәлімдеді

ДАИШ террор ұйымымен күрес коалициясы мәлімдемешісі американдық қолбасшы полковник Джон Дориан Ракка қаласын қоршауға бағытталған жұмыстарға 10 мың Сирия Араб Коалициясы мүшесі барлығы 30-40 мың адамнан тұратын бір күштің қатысқанын білдірді.

АҚШ-тық полковник Дориан АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі журналисттерге видео конференция байланысы арқылы ДАИШ террор ұйымына бағытталған операциялар жөнінде ақпарат бөлісті.

17 қазан күні басталған операция аясында Мосулда террор ұйымының еркін қозғалу қабілетінің шектелгенін атап айтқан Дориан халықаралық коалиция күштерінің Ирак армиясы мен ирактық күштерге берген қолдаудың жалғасқанын атап көрсетті.

Мәлімдемеші Дориан ДАИШ террор ұйымының Сирияның Ракка қаласындағы еркін қозғалуының жалғасқанын білдірді. Ұйымның бірнеше айдан бері Ракка қаласына кіріс және шығыстарды еркін жасағанын білдірген Дориан жасалған 100-ден астам әуе шабуылымен ұйымның топ болып қозғалу қабілетінің шектегенін білдірді.

Дориан ДАИШ террор ұйымы басшысы Әбубәкір әл-Бағдадидің шабуылға шақырған дыбыс жазбасына қатысты «растай алмайтындарын» білдіріп, Бағдадидің орны анықталған сәтте өлтірілетінін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар