Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Түрік қарулы күштері террор ұйымдарына тиесілі көптеген нысананы жойды.

600364
Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясының 69-шы күніндегі қақтығыстарда 6 оппозиционер шәйіт болды, 18 оппозиционер жарақат алды.

Операция аясында ДАИШ террор ұйымының 99, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД-нің болса 4 нысанасы жойылды.

Түрік қарулы күштерінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ташлыхөйүк, Тель-әл Хававе, Салва аумақтарының бақылауы оппозициялық күштерге өтті.

Оппозиционерлерге қолдау берген жарылғыш анықтау және жою жасақтары қолдан жасалған 6 жарылғышты жойды. Осылайша операция басталған күннен бері жойылған мина саны 33, қолдан жасалған жарылғыш саны мың 375 болды.

Оппозициялық күштер операция басталған күннен бері шамамен мың 350 шақырымдық алаңды бақылауға алды.



Ұқсас жаңалықтар