Германия президенті Йоахим Гаук кешірім сұрады

Бұл туралы Германияда Дрезден Дін істері Түрік Ислам қоғамының Фатих мешітінің қызметкері Хамза Туран айтты.

583105
Германия президенті Йоахим Гаук кешірім сұрады

Бұл туралы Германияда Дрезден Дін істері Түрік Ислам қоғамының Фатих мешітінің қызметкері Хамза Туран айтты.

Германия президенті мешітке жасалған шабуылға байланысты қиналғанын білдіріп, кешірім сұрады.

Хамза Туран Дрезденде екі Германияның бірлескеніне 26 жыл толуына орай өткен мерекелік рәсімде президент Гаук пен канцлер Ангела Меркельмен кездескендерін еске салды. Туран: «Президент бізге «Кешіріңдер,  сендерді қорғай алмадық. Бұл қылмысты жіті қадағалаймын.» деді.  Біз де оған рахмет айттық» деді.

Туран канцлер Меркельге де мешіттердің қорғалуы керектігін айтқанын да тілге тиек етті.

«Канцлерге «Бір адамның істегеніне байланысты бүкіл бір қоғамды жауапты деп есептеуге болмайды дедім. Ешкім басқа біреудің қылмысымен айыпталмауы керек деген мағынаға келетін аятты оқыдым. Меркель де осы сөзге қуанғанын білдірді» деді ол.

Меркель де «Тақырыпты тексеріп жатырмыз» деді.

Дрезденде 26 қыркүйек күні болған бір шабуылда кім екені белгісіз бір кісі Хамза Туран мен отбасы тұратын үйдің алдына жарылғыш қойып қашқан еді.  Жарылыста ешкім жарақат алмады.  Бірақ жарылыс үлкен зиян келтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар