Қытайда бір бала саясаты өзгереді

Үкімет жас отбасыларды екінші бала тууға ынталандырады.

578081
Қытайда бір бала саясаты өзгереді

Қытайда бір бала саясаты өзгереді.

Үкімет жас отбасыларды екінші бала тууға ынталандырады.

Биліктегі Коммунистік партия 1970 жылдары іске қосылған «жалғыз бала» саясатының өзгертіліп, «екі бала» саясатына көшетінін хабарлаған еді.  Осыған қарағанда жаңа саясат жаңа жылдан бастап іске қосылады.

Қытайдағы 40 жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан саясатты өзгертудің екі себебі: тұрғын санындағы теңсіздік пен жұмыс күшінің азаюы.

Елде жасы үлкен тұрғын саны артып кеткен.

Отбасы жоспарлау Ұлттық комитеті алдымыздағы бес жылда бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жыл сайын шамамен 3 миллион бала артық туылатынын болжап отыр.

Нәтижеде Қытайда 2050 жылы жұмыс күші шамамен 30 миллион артады.

Сонымен бірге Қытай Статистика мекемесі ел көлемінде үйленетін қыз таба алмаған бойдақ жігіттердің санының 2020 жылға дейін 40 миллионға жететінін болжауда.

Елде бір бала саясаты кесірінен 400 миллион нәресте дүниеге келе алмай кеткен деп есептеліп отыр.



Ұқсас жаңалықтар