Мысырда пойыз апаты

Гиза қаласында бір жолаушы пойызының 3 вагоны аударылды.

567499
Мысырда пойыз апаты

Мысырдың Гиза қаласында бір жолаушы пойызының 3 вагонының аударылуы салдарынан 5 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды.

Каир-Саид бағытында жүрген жолаушы пойызының Ият аумағында бағытын өзгерткен кезде қатты жүргені себепті алдағы 3 вагоны аударылды.

2002 жылы апат аймағында тағы бір жолаушы пойызында шыққан өртте 350 жолаушы қаза тапқан болатын.

Аталмыш аймақта 2009 жылы да екі жолаушы пойызының соқтығысуы салдарынан 30 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар