Бас жаста үйленген босқындар

18 жастан кіші 132 босқынның некесі Швеция Салық департаменті тарапынан бекітілді.

555250
Бас жаста үйленген босқындар

Швецияда өткен жылы 18 жастан кіші 132 босқынның некесі Швеция Салық департаменті тарапынан бекітілді.

Елдегі балалар құқығына жауапты Ола Нилсон Салық департаментінің некелерді бекіту барысында балалардың келген елдерінде үйленгендері жөнінде құжат талап ететінін айтты.

Швецияда 18 жастан кіші балалардың үйленуіне тыйым салынғанын еске салған Нилсон «Миграция кеңесінің бізге берген дерегіне қарағанда 80 муниципалитетте бала кезде үйленген 132 босқын бар. 18 жас заңына қарамастан осы балалардың некелерінің бекітілуі біздің ойымызша дұрыс емес» деді.

Балалар департаменті мен балалар құқығына жауапты бақылау басқармасы кәмелетке толмаған балаларды қорғауға тырысуда. Нилсон кәмелетке толмаған балалардың некелеріне рұқсат берілмеуі керектігін атап көрсетті.

Осы арада кеше Швеция медиасында елдегі қараусыз босқын балалардың секс саудасында қолданылғаны және Швеция полициясының шағымдарға қарамастан оқиғаларды тексермегені жазылған болатын.  Осы айыптауларға полиция органы жауап берді.

Комиссар Маттиас Сигфидсон босқын балалардың секс саудасында қолданылғаны жөнінде қолдарында айғақ жоқтығын білдірді.

Миграция кеңсесінің есебіне қарағанда өткен жылы 210 босқын бала түрлі шабуылға душар болды. Олардың 105-і жыныстық қиянатқа ұшырады.



Ұқсас жаңалықтар