Германия кацлері Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Германия канцлері Түркия қабылдаған шараларды қолдады.

539801
Германия кацлері Түркия жайлы мәлімдеме жасады

Германия премьер-министр Ангела Меркель төңкеріс бастамасымен бетпе-бет қалған бір елдің төңкерісшілерге қарсы құқық мемлекетінің барлық құралдарымен өзін қорғауының дұрыс және маңызды екенін атап айтты.

Меркель Федералды баспасөз үйінде ұйымдастырылған жиналыста Түркиядағы жаңалықтарды тығыз қадағалағанын атап көрсетті.

Ердоғанмен жақын келешекте кездесіп кездеспейтіні жалы бір сұраққа Меркель кеш дегенде қыркүйек айында Үлкен 20 тобы саммитінде бас қосатындарын атап көрсетті.

Меркель «Терроризммен күрес тақырыбында Түркия маңызды бір ел. Босқындардың асыралуы тақырыбында Түркия үлгі аларлықтай жұмыстар атқарды. Түркияда 3 миллион босқын бар екенін еске саламыз» деді.

Еуроодақтың Түркияға қаржы жәрдемі жасауының қажетті екенін атап көрсеткен Меркель Түркия мен Еуроодақ арасында босқындар тақырыбында жасалған келісімге орай заңсыз көштің алдын алынғанын және Түркияның маңызды бір серік екенін білдірді.

Президент Ердоғанмен ПКК террор ұйымымен күрес тақырыбын көп рет қолға алғандарын атап айтқан Меркель «ПКК-ның бізде тыйым салған және террор ұйымы ретінде қабылданғанын айттым. Барлық қылмыстық папкаларды қадағалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар