Еуропа парламенті жалпы кеңесі виза жеңілдігін талқылады

Виза жеңілдігінде Еуроодақтың екінші жоспары жоқ.

489186
Еуропа парламенті жалпы кеңесі виза жеңілдігін талқылады

Еуропа парламенті жалпы кеңесінде Еуроодақ комиссиясының түрік азаматтарына маусым айының соңында виза жеңілдігі тақырыбындағы ұсыныс шешімі талқыланды. Отырыста Еуроодақ комиссиясы мен Еуроодақ кеңесі өкілдері виза еркіндігін қолдады.

Еуроодақ кеңесі атынан кезекті төраға Голландия Қорғаныс министрі Дженни Хеннис-Пласкарт түрік азаматтарына Шенген елдерінде визасыз саяхатты қамтамасыз ететін келісімнің 2013 жылы шешім қабылданған жол картасының жалғасы екенін алайда 18 наурыздағы келісіммен бұл кезеңнің қарқын алғанын айтты.

Пласкарт Түркия мен Еуроодақ арасында жасалған келісіммен байланысты «Босқын толқыны мен қаза тапқандар саны азайды. Биометрикалық паспорттардың қолданылуы сондай-ақ Шенген және Еуроодақ шекараларын одан мықты қорғауымызға жағдай жасайды» деп, виза жеңілдігінің екі тараптың да мүддесіне екенін атап көрсетті.

Хеннис-Пласкарт «3 миллион босқынға қонақжайлық жасаған Түркия қолдауымызға лайық» деді.

Еурокомиссия атынан сөз алған Көш, Ішкі істер және азаматтыққа жауапты Еурокомиссия мүшесі Дмитрис Аврамопулос виза жеңілдігі тақырыбында Еуроодақтың екінші бір жоспары жоқ екенін атап, «Түрік үкіметі маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Грекияға заңсыз көшпен келушілер саны маңызды мөлшерде азайды. Паналау ережелері тақырыбында да жаңалықтар бар. Заңдық ынтымақтастық тұрғысынан да болымды жаңалықтардың байқалғанын айтқым келеді» деді.

Аврамопулос «Визасыз саяхат тақырыбында шешім қабылдайтын екі мекеме де (Еуропа кеңесі мен Еуропа парламенті) болымды және жылдам шешім қабылдайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар