Еуропа Парламенті түрік азаматтарына виза жеңілдігін қолдайды

Еуропа парламенті Еурокомиссия қабылдаған шешім сәтті аяқталуы үшін үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

484659
Еуропа Парламенті түрік азаматтарына виза жеңілдігін қолдайды

Еуропа парламенті түрік азаматтары үшін виза еркіндігі кезеңінің сәтті аяқталуы үшін үлес қосуға дайын екенін білдірді.

Еуропа парламенті төрағасы Мартин Шульц және топ төрағаларынан құрылған Төрағалар конференциясы Еурокомиссиясы қабылдаған түрік азаматтары үшін визалардың жойылуын қамтитын ұсыныс шешімін талқылады.

Жиналыстың артынан жасалған мәлімдемеде «Түркиямен виза еркіндігі тақырыптарында табысты бір нәтижеге қол жеткізу үшін болымды үлес қосуға дайынбыз» делінді.

Түркияның ережелерді орындау үшін ортаға қойған талпынысының ризашылықпен қарсы алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Бірақ Еурокомиссия, парламентке барлық шарттардың орындалмағаны жөнінде мәлімет берді. Бұл толығымен қамтамасыз етілгенше жұмыстар жалғасу керек» делінді.

Еурокомиссия қабылдаған шешімде 72 шарттың 67-сінің орындалғаны, қалған 5 шарттың болса маусым айының соңына дейін толықтырылу керектігіне назар аударылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар