Қытайда 1 шиша таза ауа 20 долларға сатылады

Пекиндегі ауарайы ластығын пайдаланушы австралиялық екі инвестор Пекинде таза ауа сата бастады.

483258
Қытайда 1 шиша таза ауа 20 долларға сатылады

Әсіресе Пекиндегі ауарайы ластығын пайдаланушы австралиялық екі инвестор Джон Диксон мен Тео Руйгрок елдерінде шишалаған таза ауаны Қытайда 20 доллардан сатады.

Klix.ba интернет парақшасында орын алған бір хабарға қарағанда 1 шишамен 130 тынысқа дейін таза ауа алынғанын атап көрсеткен инвесторлар бір шиша таза ауаға қоса бір дана пластикадан жасалған маска бергендерін атап көрсетеді.

Қытай үкіметі әсіресе биылдың басынан бері қоршаған орта және ауа ластығымен күресін жалғастыруда.

Дегенмен жылдам өркендеу және өнеркәсіптік ел болудың жазасын үлкен қалалар мен ластанған қалалар шегуде.

Пекинде ауадағы зиянды бөлшектер мөлшерін өлшейтін PM 2,5 деңгейі 900 PM-ден асып тұр.

Әлем денсаулық ұйымы болса қабылданарлық PM 2,5 деңгейін 25 PM ретінде анықтаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар