Еуропада босқын дағдарысы

Еуропа Одағынан 4 министр Стамбулға келеді.

467605
Еуропада босқын дағдарысы

Еуропа Одағынан 4 министр Стамбулға келеді.

Түркия мен ЕО арасындағы келісім аясында заңсыз жолдармен Еуроодаққа кірген босқындарды қайта қабылдау, қабылданған әрбір босқынға қарымжы ретінде Түркиядан бір босқынның жолдануы процесі басталды.

ЕО елдері инженер, дәрігер сынды оқыған, білімді босқындарды алғысы келеді. Алайда жолданатын босқындар БҰҰ критерийлері аясында анықталды.

Сонымен қатар босқындардың Еуропаға әсіресе Грекия арқылы заңсыз кіруі жалғасуда.

Босқын дағдарысына байланысты еуропа Одағының 4 маңызды елі Франция, Голландия, Португалия және Словениядан Түркияға 9-10 сәуір күндері министрлер келеді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Еуропа Одағына жауапты министр Волкан Бозкыр осы делегациямен бүгін бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар