Асад БҰҰ-ның гуманитарлық жәрдем керуендеріне кедергі жасауда

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы гуманитарлық жағдайды жабық отырыста талқылады.

465494
Асад БҰҰ-ның гуманитарлық жәрдем керуендеріне кедергі жасауда

Асад Сирияда қоршауға алынған жерлерге гуманитарлық жәрдем жеткізілуіне кедергі жасайды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы гуманитарлық жағдайды жабық отырыста талқылады.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстарға жауапты Бас хатшы орынбасары және Төтенше жағдайлар координаторы Стеффан О'Брайн жиналыста Кеңес мүшелеріне брифинг берді.

Жиналыстың артынан журналисттерге мәлімдеме жасаған АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Саманта Пауэр Сирия режимінің қоршауға алынған аймақтарда қақтығыстарды тоқтату келісімінде қамтылған жеткіліктегі жәрдемді жеткізуге рұқсат етілмегенін атап айтты.

Сирияда наурыз айында алдынғы аймен салыстырғанда одан аз азық-түлік материалының қоршауға алынған аймақтарға жеткізіле алғанын атап көрсеткен Пауэр «Дерааға 2012 жылдан бері БҰҰ тарапынан бір грамм азық-түлік жеткізілген жоқ» деді.

О'Брайн өткен апта жасаған мәлімдемеде Дерааға аймағында адамдардың жердегі шөптерді жеп жатқаны жайлы ақпараттың БҰҰ-на ұласқанын атап көрсеткен болатын.

Мәлімдемесінде Мадаядан келген бір фотосуретті көрсеткен Пауэр БҰҰ-ның фотосуреттегі баланы денсаулығы нашарлаған соң қаладан эвакуациялағысы келгенін бірақ бұған режим күштерінің рұқсат етпегенін, 14 жасар баланың дүйсенбі күні дүниеге көз жұмғанын атап айтты.

Пауэр Сирия режиміне ықпал ете алған барлық тараптардың гуманитарлық жәрдемді жеткізу үшін режимге қысым жасауын талап етті.



Ұқсас жаңалықтар