Боливия елбасы UNASUR-дың жедел жиналуын талап етті

Боливия елбасы Эво Моралес Бразилиядағы саяси дағдарыс себепті Оңтүстік Америка Достастығын жиналысқа шақырды.

455059
Боливия елбасы UNASUR-дың жедел жиналуын талап етті

Боливия елбасы Эво Моралес Бразилиядағы саяси дағдарыс себепті Оңтүстік Америка достастығы (UNASUR) құрамында жедел бір жиналыс ұйымдастырылуын талап етті.

Моралес Бразилия елбасы Дилма Русеф пен бұрынғы елбасы және жаңа үкіметтің бас хатшысы Луиз Инасио Лула да Силва жайлы жүргізілген тергеу тақырыбында UNASUR-дың нақты бір ұстаным ортаға қоюын талап етті.

Бразилия үкіметінен кеше жасалған мәлімдемеде Жоғары сот жұма күні қабылдаған және Луланың Русеф кабинетінде міндетін бастауына кедергі болған шешімнің аппеляция сотына апарылатыны білдірілген болатын.

Өзі жайлы заңсыздық жасағаны алға тартылып тергеу ашылған бұрынғы елбасы Луланың үкімет бас хатшысы ретінде тағайындалуына наразылық көрсеткен 3 миллион адам шеруге шыққан еді.

Елбасы Русефке қарсы шыққандар Луланың бұл міндетке тағайындалу себебін өзін қол соғылмау құқымен қорғау мақсатты басылған бір қадам екенін алға тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар