Әлем басшылары Анкарадағы қанды шабуылды айыптады

Түркияға бірінен соң бірі көңіл айту хаттары келуде.

434912
Әлем басшылары Анкарадағы қанды шабуылды айыптады

Анкарадағы қанды шабуылға халықаралық қоғам үнсіз қалмады.

Түркияға бірінен соң бірі көңіл айту хаттары келуде.

Франция президенті Франсуа Олланд президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, көңіл айтты.

Олланд «Түрік халқының қайғысын бөлісеміз, террордың барлығына қарсымыз» деді.

Германия канцлері Ангела Меркель де Ердоғанға телефон шалып, Түркияның қайғысын бөлісті.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда, Меркель Анкарада жасалған опасыз шабуылды айыптап, Түркияға қолдауын қайталады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі жарияланған көңіл айту хатында болса «Одақтасымызбен біргеміз» делінді.

Қаза тапқандарға көңіл айтылған хатта «НАТО одақтасы Түркиямен ортақ терроризм қаупіне қарсы күрестегі мықты ортақтығымызды жалғастырамыз» делінді.

НАТО-дан да Анкара шабуылы жайлы айыптау келді.

Бас хатшы Йенс Столтенберг «НАТО елдерінің терроризмге қарсы ортақ күресуі керектігін» атап айтты.

Еуроодақ Сыртқы қатынастар Жоғары комиссары Федерика Могерини болса «Бұл қиын кезде Түркия және түрік халқымен біргеміз» деді.

Әзірбайжан президенті Илхам Алиев президент Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған хатында Анкарадағы шабуылдың Әзірбайжан халқын қатты қайғыртқанын атап көрсетті.

Қазақстанның Анкарадағы өкілетті және төтенше елшілігі кеше Анкара қаласының қақ ортасында болған терактіге байланысты көңіл айтты.

Испания үкіметі де шабуылды қатаң түрде айыптады.

Дипломатиялық кеңсе жасаған мәлімдемеде Испанияның террормен күрес тақырыбында түрік халқы және лауазымдарымен ынтымақтастық жасағанын аталып, жауаптылардың әділет алдына шығатынына сенім білдірілді.

Латын Америка елдерінің бірі Эквадор шабуылды айыптап, әртүрлі террорға қарсы екендерін мәлімдеді.

Панам, Аргентина және Иран да қанды террор шабуылын айыптап, құрбандарға рақымшылық және жарлыларға шипа тіледі.

Венгрия президенті Адер Янош болса жолдаған хатында «Бұл шабуыл біздің құндылықтарымызды мойындамай, адамзатқа қарсы жауыздыққа қарсы біздің міндеттерімізді арттырады» деді.

Латвия Сыртқы істер министрлігі болса жасаған мәлімдемесінде «Бұл шабуыл тек қана Түркия мен түрік халқына емес, сондай-ақ барлық халықаралық қоғамға қарсы жасалды» делінді.

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымынан жасалған мәлімдемеде де Анкарадағы террор шабуылының ең қатаң түрде айыпталғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар