Украинада саяси дағдарыс

Украина парламенті Арсений Яценюктің премьер-министрлік міндетін жалғастыруына шешім қабылдады.

434089
Украинада саяси дағдарыс

Украина президенті Петр Порошенконың отставкаға кетуін талап еткен Арсений Яценюк премьер-министрлік қызметін жалғастырады. Украина парламенті Яценюкты қолдады.

Парламентте өткен сенім дауысында 194 депутат «қарсы дауыс» берді. Үкіметтің отставкаға кетуі үшін қажетті 226-дауыс шықпады.

Президент Петр Порошенко мемлекеттік реформаларды жылдам жүзеге асыру тақырыбында қоғамның мазасыз екенін және коалиция үкіметінің халықтың қолдауынан айырылғанын тілге тиек еткен еді.

Басқа жағынан Порошенконың премьер-министр Арсений Яценюкпен бірге отставкаға кетуге шақырған бас прокурор Виктор Шокин міндетін тастағанын білдірді.

Украинска правда газеті бас прокурор Шокиннің отставкаға кеткенін жариялады.

Украинада 2014 жылдың соңынан бері міндетін атқарған Арсений Яценюк басшылығындағы коалиция үкіметінде саяси мәселелердің тереңдегені болжалады.

Яценюкке қарсы шыққандар премьер-министрдің заңсыздықтарға араласқанын алға тартуда.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко басшылық жасаған Батькивщина партиясы коалициядан айырылуға шешім қабылдады.

Тимошенко реформалау кезеңіне қайта оралу үшін мұндай шешім қабылдағандарын жариялады.

Тимошенко коалиция ортағы басқа депутаттарды да коалициядан шығуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар