Сириядағы гуманитарлық дағдарыс күн тәртіпте

Сириядағы гуманитарлық дағдарыс БҰҰК күн тәртібінде

430612
Сириядағы гуманитарлық дағдарыс күн тәртіпте

Сириядағы гуманитарлық дағдарыс Біріккен Ұлттар Ұйымы Кеңесінің күн тәртібінде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Кеңесі Жаңа Зеландия және Испанияның үндеуіне сай Сириядағы жағдайды қолға алды.

Жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған Жаңа Зеландияның Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілі Gerard van Bohemen Сирия мәселесіне саяси жақтан шешім таба алмай гуманитарлық жағдайдың өзгеруінің қиын екенін айтты.

Сирияда болған дағдарыста Ресейдің де үлесінің бар екенін түсіндірген Bohemen «Халеб және маңындағы дағдарыстың себебі Ресейдің әуе шабуылы болып табылады» деді.

Францияның Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілі де «Сирия режимі және одақтастар бір қолын келіссөздер үшін созғандарын айтса, енді бір қолымен де оларды жоюға тырысуда» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар