Босния-Герцеговинада жаңа топтық мазар табылды

Босния-Герцеговинаның шығысындағы Козлук аймағында 200 мәйіт жерленген жаңа топтық мазар табылды.

410118
Босния-Герцеговинада жаңа топтық мазар табылды

Сребреницада 1992-1995 жылдары арасында болған соғыс кезінде сербтер тарапынан қырылға ұшыраған жүздеген босниялық мұсылманды жерлеген топтық мазарлардағы қазба жұмыстары жалғасуда.
Гаага Халықаралық соғыс қылмыстары сотынан лауазымдылар да қатысқан қазба жұмыстары қырғынның артынан мәйіттердің әртүрлі аймақтарға апарылғаны себепті көптеген жерде жалғасуда.
Қол жеткізген ақпараттар Гаагадағы соғыс қылмыстары сотында дәлел ретінде пайдаланылады.
20 жыл бұрын Босния соғысында Серб Республикасы армиясы Сребреницада араларында әйел мен балалар да бар 8 мыңнан астам мұсылманды қырып, топтық мазарға жерлеген болатын.
Сребреницада өлтірілген мыңнан астам адамның мәйіттері әлі табылған жоқ, қай жерге жерленгені белгісіз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар