Түркияның Мәскеу өкілетті елшілігіне шабуыл

Түркияның Мәскеу өкілетті елшілігіне бағытталған протесттер кеше шабуылға айналды.

354803
Түркияның Мәскеу өкілетті елшілігіне шабуыл

Орыс соғыс ұшағы Түркия шекарасын бұзуының артынан құлатылуымен Түркияның Мәскеу өкілетті елшілігіне бағытталған протесттер кеше шабуылға айналды.
Мәскеудегі өкілетті елшілік алдында жиналған ереуілшілер елшілік ғимаратына таспен шабуылдады.
Түркияға қарсы ұрандар тастаған топтың шабуылында ғимараттың әйнектері сындырылды.
Мәскеу өкілетті елшілігі баспасөз кеңесшісі Орхан Газигил тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде елшілік алдында қажетті қауіпсіздік шараларының алынбағанын атап айтты.
Газигил «Елшілік орналасқан даңғыл толығымен жабылуы мүмкін еді дегенмен полиция мұны жасамады. Ақыры елшілік ғимаратына материалды шығын келді» деді.
Түркия-Сирия шекарасында түрік әуе кеңістігін 5 минуттың ішінде 10 рет ескерту жасалғанына қарамастан бұзған SU-24 типі соғыс ұшағына шекара қауіпсіздігі ережесі аясында бақылау жұмысын атқарған 2 түрік F-16 ұшағы қарсылық берген болатын.
Ресей Хатайдың Йайладағы ауданы алдындағы Сирияның Байырбуджак аймағына құлаған ұшақтың өзіне тиесілі екенін мәлімдеген, НАТО ұшақтың әуе кеңістігін бұзғаны жөнінде Түркияның өздерімен ақпарат бөліскенін білдірген болатын.
Қазан айының басында да Ресейге тиесілі соғыс ұшақтары түрік әуе кеңістігін бұзып, орыс лауазымдылар оқиғаның артынан кешірім сұрап, ұқсас жағдайдың қайталанбайтынын білдірген болатын.
Түркия болса әуе кеңістігін бұзушылықпен байланысты қауіпсіздік ережелерінің іске қосылатынын қайталаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар