Сирияда орыс соғыс ұшақтары тұрғын үйлерді бомбалады

Шабуылда 2 бала қаза тапты, 10 жазықсыз адам жарақат алды.

420909
Сирияда орыс соғыс ұшақтары тұрғын үйлерді бомбалады

Сирияда соғыс ұшақтары Лазкийе ауылдық аймағында орналасқан Жебел Экрадта оппозиционерлердің бақылауындағы Наджийе ауданына бомба жаудырды.
Бомбалардың үйлерге құлауы нәтижесінде 2 бала қаза тапты, 10 жазықсыз адам жарақат алды.
Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда, режим күштерінің орыстардың да қолдауымен Байырбуджак түрікмен және Жебел Экрад аймағына бағытталған шабуылдары жалғасуда.
Басқа жағынан Ресейдің Сириядағы әуе шабуылының артынан Хатайдың Йайладағы ауданы шекарасына жуық Ямады лагеріне шамамен 5 мың 500 адам келді.
Анадолы агенттігі тілшісінің жоғары деңгейдегі бір лауазымдының мәлімдемесіне сілтеген хабарына қарағанда кейбір баспасөз органдарында «шекараға 40 мыңдай адамның жүріп келе жатқаны» жөніндегі хабарлардың шындыққа жатпағанын білдірді.
Мұның алдында да аймақта қалғандар бар екенін атап көрсеткен лауазымдылар жаңа келгендермен Ямады лагерінде өмір сүрген сириялық санының 14 мыңға ұласқанын атап көрсетті.
Аймаққа гуманитарлық жәрдемдердің жіберіліп жатқанын жеткізген лауазымдылар премьер-министрлік, АФАД және Хатай губернаторлығымен жүргізілген жұмыстарда жедел қажеттіліктердің толығымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетті.
Лауазымдылар Түрікмен тауындағы кейбір стратегиялық жерлердің режим күштерінің бақылауына өтуімен аймақта дағдарыс шыққанын, дегенмен «Түрікмен тауының толығымен бақылаудан шыққаны» жайлы жаңалықтардың шындыққа жатпағанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар