АҚШ Ресеймен кездесуге қарсы шықты

Ақ үй хатшысы "Ресей Сирияда өз беттерімен қозғалып жүр" деді.

392609
АҚШ Ресеймен кездесуге қарсы шықты

АҚШ Ресеймен кездесуге қарсы шықты.


АҚШ әкімшілігі Сириядағы оқиғаларға орай Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің басшылығындағы делегациямен кездесуден бас тартты.


Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Ирнест «Нақты айту керек болса, орыстар ДАИШ-ке қарсы күресте қадам баспайынша олармен кездеспейміз» деді.


Ресейдің Сирияда өз беттерімен қозғалғанын айтқан хатшы орыстардың АҚШ әкімшілігімен кездесу талабының өздерін таң қалдырмағанын білдірді. Джош Ирнест елінің Израиль мен Палестина арасында соңғы кезде артқан қақтығыстарға уайымдағанын да мәлімдеді.


Ирнест Мемлекеттік хатшы Джон Керридің жақында аймаққа баратынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар