Папа Франциск Грекия тақырыбында көзқарас білдірді

Папа Грекиямен мәселенің тез арада шешімін тілеп, ‘не несие, не болмаса қарыздар тауысылмайды’ деді.

380094
Папа Франциск Грекия тақырыбында көзқарас білдірді

Рим-католик шіркеуі басшысы Папа Франциск Латын Америка саяхатын аяқтап, Ватиканға оралғанда ұшақта журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Сапары кезінде қаржы мекемелеріне бағытталған сындармен назар аударған Папа Грекияда қазіргі үкіметтің «Сәл де болса әділ екенін» атап айтты.
Папа мәселеге шешім жолы табылуын тілегенін атап, не несиенің, не болмаса қарыздың таусылмайтынын атап айтты.
Грекия және несие берушілер арасында жасалған келісім АҚШ-та ризашылық туғызды.
Ақ үй әкімшілігі келісімнің Грекияның күшін жинауы тұрғысынан басылған сенімді бір қадам екенін жариялады.
Басқа жағынан Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың Брюссельден Афиныға оралуының артынан елде құтқару пакеті жайлы пікір таластар басталды.
Афиныда әртүрлі сол топтардың грек үкіметі тарапынан қабылданған «құтқару пакетіне» қарсы шеру ұйымдастырды.
Грекия Фармацевттер Одағы болса 24 сағаттық жұмыс тастау акциясы жариялады.
Фармацевттер несие берушілермен жасалған келісім бойынша дәрігердің жазуы міндетті емес дәрі-дәрмектің саудасын еркін жіберуді және аптека ашуды жеңілдетуді талап етеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар