Асад күштері зымыран шабуылы жасады

Оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға жасалған шабуылында жазықсыз адамдар нысанаға алынды.

312386
Асад күштері зымыран шабуылы жасады

Сирияда режимге қарасты күштердің Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға ұйымдастырған зымыран шабуылында 10 адам қаза тапты, 15 адам жарақат алды.
Жазықсыз тұрғын аймағы Бустан эл-Каср мен Келес аймақтарына «піл» деп аталған зымырандармен жасалған шабуылда қаза тапқандар арасында бала мен әйелдер де бар.
Шабуылда көптеген үй жермен-жексен болып, кейбіреулері материалды шығынға ұшырады.
Режим күштерінің Халебте оппозицияның бақылауындағы аймақтарға күн сайын әуе мен құрлықтан шабуылдағаны атап көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар