Еуроодақ-Латын Америка елдері ынтымақтастық саммиті басталды

Еуроодақ Латын Америка және Кариб елдері тобы саммиті Брюссельде басталды.

301621
Еуроодақ-Латын Америка елдері ынтымақтастық саммиті басталды

«Ортақ болашақ орнату» тақырыпты саммитте аймақтар арасындағы саяси байланыс пен экономикалық ынтымақтастықты күшейту мақсат етіледі.
Саммитте тараптар климат өзгерістері мен есірткімен күрес сияқты тақырыптарда келісті.
40-дан астам ел басшысы қатысқан саммитте тараптар халықаралық ортақтық шараларын қарастырады.
Басқа жағынан Колумбия мен Перу азаматтары Еуроодаққа визасыз саяхат жасай алады.
Колумбия мен Перу азаматтарының Ұлыбритания мен Ирландиядан басқасы 26 Еуроодақ мемлекетімен Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейнге 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беретін келісімнің жылдың соңында іске қосылуы күтіледі.
Колумбия және Перуға қоса Еуроодақтың Шенген визасы жеңілдігі жасаған ел саны 38-ге жетеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар