АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігіне шабуыл жасалды

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігіне көлікпен шабуылдаған екі шабуылшыдан бірі өлтірілді.

289284
АҚШ-тың Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігіне шабуыл жасалды

Мэриленд уәлаятындағы Ұлттық Қауіпсіздік Агенттігіне (NSA) көлікпен басып кіруге әрекет жасаған екі адамның бірі қауіпсіздік күштері тарапынан өлтіріліп, екіншісі жараланды.
Әйел сияқты киінген екі адам агенттіктің Форт-Мидтегі кіріс қақпасын сындырып кіруге тырысты.
Көліктің кіріс есігіне соқтығысуының артынан қауіпсіздік күштері шабуылшыларға оқ жаудырды.
Оқиғада бір қауіпсіздік қызметкері де жеңіл түрде жарақат алды.
Федеральды тергеу бюросы оқиғаның лаңкестік бір шабуыл екенін ойламағандарын мәлімдеді.
Агенттік ғимаратына айдың басында оқ атылған, оқиғаның жауаптысы ретінде Хонг Янг атындағы бір адам тергеуге алынған болатын.
95 бөлек қауіпсіздік бөлімшесі бар аймақта 11 мың әскерге қоса, 29 мың қызметкер жұмыс істейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар