Гуманитарлық жағдай талқыға салынды

Әлемде ең көп басқын қабылдаған ел Түркия.

240242
Гуманитарлық жағдай талқыға салынды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы гуманитарлық жағдай тағы бір мәрте талқыға салынды.
Жиналыста Сирияға гуманитарлық жәрдем жасалуы үшін өткен жыл қабылданған 2139 нөмірлі заңның атқарылуындағы қиыншылықтар қолға алынды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жоғарғы деңгейдегі басшысы Антониу Гутерреш Сириядағы атыстың осы таңдағы ең үлкен гуманитарлық дағдарыс екенін, аймақпен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіргенін айтты.
Сирияға көрші елдердің қиыншылықтарына тоқталған Гутерреш Түркияның әлемде ең көп босқындарға ие елге айналғанын білдірді.
Гутерреш «Түрік үкіметі өткен жылы жасаған маңызды бір шешім арқылы сириялық босқындарға уақыттық жұмыс істеу рұқсаты, ақысыз білім беру және медициналық қызметтерден пайдалану мүмкіндігін берді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар