Альцгеймер және паркинсонға тері арқылы диагноз

Зерттеу қорытындылары АҚШ-та өткен 67-ші Неврология конференциясында жарияланды.

237896
Альцгеймер және паркинсонға тері арқылы диагноз

Альцгеймер және паркинсон ауруларына ерте диагноз қою үшін тері анализі жетілдірілді.

Мексиканың San Luis Potosi Университетінің ауруханасында жұмыс істейтін Идефонзо Родригез Лейва мен тобы анализ арқылы осы екі аурудың белгілерін көрсететін қалыптан тыс протеин деңгейін анықтай алатындарын атап көрсетті.


Зерттеуге альцгеймермен ауыратын 20, паркинсонмен ауыратын 16 және деменциямен ауыратын 17, сонымен бірге дені сау 12 адам қатысты.


Зерттеу нәтижесінде альцгеймер және паркинсон науқастарының терісінде әсіресе орталық жүйке жүйесі жасушаларында болатын тау-протеинінің деңгейі басқаларға қарағанда 7 есе артық болып шықты. Айырықша паркинсон науқастарында «alfa-sinüklein» протеині дені сау адамдардағы осы протеиннен 8 есе көп болып шықты.


Зерттеу қорытындылары АҚШ-та өткен 67-ші Неврология конференциясында жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар