Спорт кешеніне жанкешті шабуыл жасалды

Ауғанстанның Пактика уәлаятындағы шабуылда 40 адам қаза тапты.

202772
Спорт кешеніне жанкешті шабуыл жасалды

Ауғанстанда бір спорт кешеніне жасалған жанкешті шабуылда ең кемінде 40 адам қаза тапты, 50 адам жараланды.

Шабуыл елдің шығысындағы Пактика уәлаятында волейбол матчы кезінде жасалды.

Матчты тамашалаған қалың жұрттың арасына кірген жанкешті үстіндегі бомбаны жарды.

Шабуылдың артынан жұрт жан таласқа түсті. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар