Премьер-министр Харири қастандығына Асадтың қатысы бар ма?

Ливанның бұрынғы премьер-министрлерінен Рефик Харири қастандығының сот процесінде маңызды жаңалық.

192672
Премьер-министр Харири қастандығына Асадтың қатысы бар ма?

Гаагада жалғасқан сот процесінде Харириге жасалған қастандыққа Сирия елбасы Башар Асадтың қатысы бар екені жайлы қауесеттер күшеюде.


Ливан Ішкі істер министрі Нухад Машнук Асадтың Харириді өлтірген кісілермен тікелей байланысты екенін алға тартты.
Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рефик Харириге 2005 жылы Бейрутта қастандық жасалған, шабуылда Харириге қоса 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.
Оқиғаның артынан ел тарихының ең үлкен шеруі өткен болатын.
Ливандағы Хизбуллахпен жақындығы белгілі Асадтың осы елде «Сирияның күшін әлсіреткісі келген Харириден құтылғысы келгені» деп болжалған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар