Эбола індеті жан алуын жалғастыруда

Сьерра-Леоненің шығысындағы Кенама аймағында бір дәрігер осы аурудан қайтыс болды.

106084
Эбола індеті жан алуын жалғастыруда

Сьерра-Леоненің шығысындағы Кенама аймағында бір клиникада жұмыс істейтін дәрігер осы аурудан қайтыс болды.


Елде бұдан бұрын да осы аурудан екі дәрігер қайтыс болған еді.


Канада Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының Сьерра-Леонедегі эбола лабораториясында істейтін үш дәрігерін елге шақырып алды.


Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы Демократиялық Конго Республикасындағы эбола жұқпалы ауруы мен Батыс Африкадағы оқиғалар арасында бір байланыс анықталмағанын білдірді.


Нигерияда эбола вирусының тарауының алдын алу мақсатымен мектепте 13 қазан күніне дейін сабақ басталмайды.


Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы 20 тамыз күніне дейін Батыс Африкадағы эбола індетінде өлгендердің санының 1427 болғанын, 2615 оқиға тіркелгенін білдірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар