Францияның астанасы Парижде қарулы адамдар сауд ханзаданы тонады

Қарулы кісілер 250 мың евро мен аса маңызды құжаттарды алып қашты

95825
Францияның астанасы Парижде қарулы адамдар сауд ханзаданы тонады

Францияның астанасы Парижде сауд бір ханзаданың керуенін тоқтатқан қарулы кісілер 250 мың евро ақша мен кейбір маңызды құжаттарды тонады.
Аты жарияланбаған сауд ханзадасын тасыған бір керуен атақты Элизе даңғылынан Париждің солтүстігіндегі әуежайына бара жатқанда қарулы шабуылшылар тарапынан тоқтатылды.
Ұрылар қақтығыспай 250 мың евро ақша мен маңызды кейбір құжаттарды алып қашты.
Тонау кезінде қолданылған көлік кейін өртенген күйде табылды.
Лауазымдылар ұрланған құжаттардың «аса маңызды» екенін атап, Франция Сыртқы істер министрлігі тонаудың қабылданбайтын жағдай екенін атап қылмыскерлердің ұсталатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар